Қайыр сұраушылар көбейіп барады

Былтырғы жылы ел Парламенті мен Үкіметі қайыршыларға айыппұл салу туралы Заң қабылдауды ұйғарып, оны ағымдағы жылдың қаңтар айында іске асыру көзделді. Біздің айтпағымыз, жаз мезгілі басталса болды, қала көшелерін өзге мемлекеттен келген қайыршы мигранттар жаулап алады.

Көшенің қақ ортасында балаларын құшақтаған әйелдер күннің аптап ыстығында да садақа сұрап отырады. Қалтаңыздағы 5-10 теңгені бермей өтсеңіз, артыңыздан айтылар сөздерден құлақ тұнады.

Сонда қалай, шын қайыршылықпен айналысып, күн көре алмай жүрген жергілікті қайыршыларды тұқыртқанда, шекара асып келіп, көңіл бөлмей, өте шықсаңыз артыңыздан қарғыс сөз айтатын келімсектерге қаңтарда бекітілген Заңның жүрмегені ме? Қыр соңыңнан қалмай жарты жолға дейін еретінін қайтесің?

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.