Ойын алаңы күтімсіз қалды

20150710-07-4Осыдан бірнеше жыл бұрын көп қабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңдарын жасақтау ісі қалада қолға алынғанда балалар тұрмақ, ата-аналардың да қуанышында шек болмады.

Дей тұрғанмен, сол алаңдардың кейбірінің күтімі уыстан сусып шығып барады. Кейбір алаңдарға төселген құмдар желмен ұшып тақыр жерге айналған. Заттың сапасыздығы ма, әлде адамның санасыздығы ма, орнатылған әткеншектер сынып жатыр.

Кейбір тұрғындардың қолы жетпей жүрген ойын алаңын бақытына орай баласының игілігіне тұтынып жүрген тұрғындар ұқыптап ұстаса ғой.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, мақаланы дайындау барысында ғаламтор желісінен мынадай мәлімет оқыдым. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысына сәйкес, Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің аумақтарын және үй-жайларын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қағидаларының 169 тармағында «Ойын алаңдарындағы жабдықтар және шағын сәулет мүсіндері балаларды серуендету немесе ойнату алдында күнсайын шаңнан немесе ластан тазартылады, құмсалғыштағы құмдар жұмсартылады, аптасына бір рет қопсытылады, 7 – 10 күнде бір рет қайнатылған ыстық сумен өңделеді, жұмыстан тыс уақытта ластанудан қорғау үшін жабылады. Жылына кемінде бір рет және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша құмды жаңа құммен ауыстырады» деп жазылған. Алайда, біздің қаладағы ойын алаңдарында құмды ауыстырмақ тұрмақ, орнатылған заттың қайда кеткенін таппай жататын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл шындық.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.