Басты алаңда бақылау аз

20150710-07-5«Жезқазған-Ұлытау аймағын дамыту бағдарламасының» шеңберінде Кеншілер алаңына қыруар қаражат бөлініп, қайта жаңғыртылу жұмыстары жүргізілді. Алайда, айналасы бір-екі жылға жетпей саяжолға орнатылған шамдарды әуелі сындырып, кейін түбімен жұлып алып тастады. Оған да көңіл көнбістік танытты. Қазір сол шамдардың орнында шошайып сымдары ашық тұр. Оның бойында тоқ болса, оны өтіп бара жатқан бала ұстаса не болады?

Алаң бойындағы шағын гүлзарларға отырғызылған гүлдердің жайын бұған дейін де бірнеше мәрте жазған болатынбыз. Көктемде егілген шырша күтімнің жоқтығы болса керек, 10 жыл тұрмақ 1 жылға жетпестен сарғайып, қазір құр қураған шыбығы тұр.

Жауапты мекемелер алаңдағы саяжолды сыпырып-жинау жұмыстарына селқос қарайды.

Оның үстіне алаңға батут құратын кейбір азаматтар төселген плиткаларға қадалар қағып тастаған. Өздерінің игілігіне жасалған іске жаудай қарайтындар кімдер екен?..

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.