Қызметте жаңа басшы

Өткен бейсенбіде қала әкімі С.Медебаевтың төрағалық етуімен отырыс өтті.

Қала басшысы С.Медебаев өз сөзінде жиынның өтуіне қаржы полициясы басқармасындағы кадрлық өзгерістердің себеп болғанын айтып, қаламызға іс сапармен келген облыстық экономикалық жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы департамент бастығының орынбасары, қаржы полициясының подполковнигі Жанғазы Рахымовқа сөз берді.Ж.Рахымов осыған дейін өзі басқарған басқарманың ендігі тізгінін ұстайтын жаңа басшымен таныстырды. Жезқазған аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасының бастығы болып Алмат Әйтеновтың тағайындалғанын жеткізіп, еңбекте табыс тіледі.

Әкім С.Медебаев та жаңа қызметке тағайындалған А.Әйтеновке жемқорлықты ауыздықтау мен оны болдырмау мақсатындағы ортақ жұмыстардың одан әрі күшейе түсіп, тығыз қарым-қатынаста еңбек ететінімізге сенім мол деді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.