«Тәрбиешім және біз»

20150717-12-2Қаламыздағы №3 жалпы орта білім беретін мектепте «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс істеуде. Жақында күн тәртібіне сай А.Казиеваның ұйымдастыруымен «Тәрбиешім және біз» атты спорттық іс-шара болып өтті.

Жазғы сауықтыру алаңындағы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына, денсаулығын нығайтуға, спортқа деген оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған сайысқа «Балауса», «Достық», «Барыс», «Болашақ» топтары қатысты. Сайыскерлер «Мұртты кенгуру», «Шеңбердегі жұп», «Су тасушы жолаушы», «Сөз құра», «Нысана», «Досымды құтқар», «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша жарысты.

Барлық кедергіден сүрінбей өтіп, бір-бірінен қалыспай жарысқан сайыс қорытындысы бойынша І орынға «Барыс» тобы, ІІ орынға «Достық» тобы ие болды. ІІІ орынды «Болашақ пен Балауса» тобы өзара бөлісті.

Әділ қазы мүшелері жеңімпаздарға сыйлықтар мен тәттілер таратып, естелік суретке түсті.

С.Мухтарова, лагерь басшысы.

Комментарии закрыты.