«Балдәурендегі» қызықтар

Жезқазған кентіндегі №2 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Балдәурен» сауықтыру алаңы балалардың сүйікті орнына айналған.

Алаңның екі маусымында 60 баладан құралған, Достық», «Балапан», «Короли» атты үш топ демалды. Мұнда балалардың бос уақыттарын қызықты, әрі тиімді өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Сауықтыру алаңының аға тәлімгері С.Әбдікәрімова топ тәрбиешілерімен тығыз жұмыс жасап, балаларға күлкі сыйлауда. Тәрбиешілер О.Ченцова, Ж.Асанова, З.Камалова, А.Ток­сейтова, Ә.Ахметова, Л.Искакова балаларға түрлі іс-шаралар арқылы рухани тәрбие беріп, адамгершілік қасиетке, ізгілікке баулуда. Сауықтыру алаңының басшысы М.Нысамбаева жоспарға сәйкес, әр топтың өткізген іс-шараларына ба­ғасын беріп отырады. Ойын залы, асхана, тынығатын орындар жанға жайлы. Мектеп медбибісі Г.Ойнар балаларға күнделікті «Дені саудың, жаны сау» атты денсаулық минутын өткізіп қана қоймай, олардың бойы мен салмағын өлшеп, ағзаға қажетті түрлі дәрумендер беріп, рефлексотерапия жүргізеді. Сауықтыру алаңының дене тәрбиесі мұғалімі М.Аманқұлова бала­ларға ертеңгілік жаттығу жасатып, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, күні бойы көңілді, әрі сергек жүруіне септігін тигізеді. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Б.Барманбекова әр тақыптар бойынша суреттер салғызады. Балалар өткізілген іс-шараларға қызығушылықпен белсене қатысып, үнемі ал­да болуға ұмтылады. Осы сауық­тыру алаңынан әр түрлі тақырыпта мағлұмат алып, ой-өрістерін дамытты және өнерге деген құлшынысы артып, топ­пен жұмыс жасай білуге үйрен­ді. Балаларға сауықтыру ала­ңының ұнағаны сонша, олардың бұл жерден кеткісі жоқ.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.