Кәсіпкерлер белсенділік танытты

Елімізде биыл сегізінші жыл ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясының аясында №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің 136 оқушысы жаңа оқу жылына сақадай сай дайындықпен барады.

Балалардың мұндай мүмкіндікке ие болуына «Нарша» сауда үйінің сатушылары Файида Муталибекова, Инна Брух, «Ғалым», «Бірлік» кеңсе тауарлары дүкендерінің және «Нағима», «Кристина», «Универсам» дүкеніндегі аяқ киім бөлімінің иелері көп көмек жасады.

Заңгер Гаухар Айтжанова да әлеуметтік жағынан аз қамтылған және отбасылық жағдайы төмен балаларға ақшалай көмек қолын созды.

Аталмыш акцияға мектеп мұғалімдері Айжан Серікбайқызы, Людмила Шульгина да атсалысып, балаларды қуанышқа бөледі.

Мектеп басшысы Гүлмира Жаппасова: «Мектеп оқушыларының еш кедергісіз қатарынан қалмай білім алуына жағдай жасаған кәсіпкерлерге ата-аналардың да ұжымның да айтар алғысы шексіз», дейді.

Білім ошағындағы көмекке зәру 136 баланың қазір 20-сының материалдық жағдайы оңтайландырылған.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.