Көп түкірсе — көл болар

Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жалпы білім берудің жаңа бағдарламасы жаңғыртылып, одан әрі жалғасын табуда. Әрине, балаға тиімді де сапалы білім беру – мемлекеттің басты міндеті.

Арамызда түрлі себептермен балаларын мектепке апара алмайтын ата- аналар да жоқ емес. Әсіресе, әлеуметтік әлеуеті әлсіз, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына, көпбалалыларға қиын. Оқу жылына дайындық кезінде осындай отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсетуге, әлеуметтік жағдайына байланысты 1 қыркүйекте мектепке бара алмай қалудың алдын алуға бағытталған игі іске №15 орта мектеп ұжымы да атсалысуда.

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясына арнайы бұрыш бөлінген, әр ықшам аудан бойынша 14 көпқабатты пәтерлі үйлер араланып, 80 үндеу парағы мен қала дүкендеріне 18 визиткалық қағаздар таратылды.

«Қайырымдылық» акциясы аясында 5 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді, мектеп педагогикалық ұжымы 3 оқушыны 10400 теңге көлемінде кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, «Кооптранс» дүкені 14000 теңгеге 4 баланы киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Мектеп әкімшілігі көмек қолын созған жандарға алғысын айтуда.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.