Бастама қолдау тапты

Жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларындағы балалардың мектепке дайындығына көмек беру мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында №2 орта мектептің 1-ші және дайындық сыныптарына қабылданатын оқушылардың үйлеріне рейдтік тексеріс жүргізілді.

Биыл да осындай рейд барысында көп балалы және аз қамтылған отбасы мен қамқорлыққа алынған оқушылардың мектепке дайындығы тексерілді.

Сонымен қатар, кентте орналасқан ұйымдарда, кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақпараттық жарнамалар ілініп, кәсіпорын басшыларына таратылды. Жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді. Рудник елдімекенінде орналасқан «ЖК Децур» дүкені және жеке кәсіпкер Б.Маянова мен И.Оборина мектептегі көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек қолын созды. Жезқазған кенті әкімшілігінің ұжымы 1-сыныпқа келетін екі оқушыға мектеп формасын алып берді.

Мектеп ұжымының бастамасына қолдау білдірген жеке кәсіпкерлер мен кент әкімшілігіне ұстаздар қауымы және ата-аналар алғысын білдіреді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.