Жомарттық танытар шақ

Балалардың толық білім алуына материалдық қажеттіліктердің жетіспеушілігін болдырмау үшін республикамызда «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда.

Осы акцияны қолдау мақсатында №27 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы да белсенділік танытуда. Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы. Бұл іске ұстаздар бастап атсалысып, әркім өзінің еркімен қолынан келген көмегін көрсетуде. Республикалық акцияның өту барысында №27 жалпы орта білім беретін мектеп басшысы Ш.Мизанбаев, ұстаздар – ­Мұқажанова Алтын, Нұркеева Марал,Сүйінбаева Айгүл, Бейсенаева Биғаш, Елеусізова Қарлығаш және де 2 ә сынып ата-аналары мен Махатова Әйнеш өз үлестерін қосты.

Республикалық акцияның өту барысында өзгенің тағдырына немқұрайлы қарамайтын, қаржылай да, заттай да көмек берген жаны жомарт жеке кәсіпкерлер бар. Атап айтса, «Сарыарқа» базарынан Ермағанбетова, Қоңырбаева, «Елдос» дүкенінен Айғанова, «Нарша» сауда үйінен – Усерова, «Киімдер» сауда үйінің директоры Қорлан Жандарбекова. Осындай қолы ашық,жаны жомарт азаматтарға, ата-аналарға мектеп ұжымы ризашылығын білдіреді.

«Мектепке жол» акциясы әрбір саналы азаматтың назарынан тыс қалмайды деп сенеміз.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.