Құрметті жерлестер

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге жол ашты. Адам өмірі, оның құқықтары мен бостандығына негізделген Ата Заңымыз елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтап нығайту жолында зор роль атқарып келеді. Негізгі Заңымыз өзінің 20 жылдық тарихында осы құндылықтардан ауытқымай, бүгінгі заманның талап-тілегінен шығып келеді.

Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігіміздің еңселі болуын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ететін Конституциямыз бүгінгі таңда «Ұлт жоспары – «100 нақты қадамда» белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың берік негізі болып табылады.

Баршаңызды Ата Заңымыздың мерейтойымен құттықтай отыра, тәуелсіздігіміз бен бірлігіміз бекем болсын демекпіз. Әр шаңыраққа денсаулық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз.

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук

Комментарии закрыты.