«Таңдауымыз – Елбасы» – дейді Анненскідегі кеншілер

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының мүшелері  Анненскі кенішінің жұмыскерлерімен кездесті.

Жиынға «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының төрағасы Жаңбырбай Дәрібаев, №1 қалалық емхананың басшысы, Президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі Жомарт Аханов қатысты. Кездесуді кеніштегі техникалық бөлімнің инженері Наталья Макарова ашып, жиынның мән-маңызына тоқталды.

Сенімді өкіл Ж.Аханов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетті дамыту жолындағы атқарған еңбектеріне тоқталды. Өз кезегінде Жомарт Мұзарафұлы  сәуірдің 3-і күні өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

Кеніш жұмыскерлері де сөз алып, саяси науқанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевты қолдайтындықтарын жеткізді.

Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.