Марапаттары тапсырылды

20150911-02-1Сейсенбі күні өткен кезекті аппараттық жиын дәстүрлі марапаттау рәсімімен басталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен қала әкімінің орынбасары Александр Ким марапатталған болатын. Қала басшысы Әнуар Омар осы медальді иесінің төсіне тақты. Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын Жезқазған кентінің әкімі Асылхан Сәдуақасовқа тапсырып, еңбек жолдарына табыс тіледі.

Кеңейтілген аппараттық жиынның күн тәртібіндегі бірінші сұрақ «Қолжетімді баспана-2020», «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламалары туралы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б. Жақсыбаев баяндады.

Мәлімет бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында 56 пәтерлік 4 қабатты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жас отбасыларға арналған 16 пәтерлік тұрғын үй салу жоспарда тұрғандығын, алайда, оған қаржы бөлінбегендігін тілге тиек етті.

«Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асуы тұрғысында да бірқатар жұмыстар атқарылған.

Екінші мәселеге орай, Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Наурызбаев қалада мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы туралы баяндамасын және алдағы жоспарларын көпшілік назарына ұсынды. Баяндамаларды есепке алған Ә.Омар ескертулерін айтып, жаңа тапсырмалар жүктеді.

М.Смағұл. Сурет А.Бектастікі.

Комментарии закрыты.