Жайнай бер, сүйікті қалам менің!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді шын жүректен бәрімізге ортақ мереке – Сәтбаев қаласының туған күнімен құттықтаймыз!

Бұл күн – туған қаламыздың іргетасын қалап, оның дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген әр қала тұрғыны үшін ерекше мереке. Кеншілер қаласы аға буын өкілдерінің ерен еңбегімен бой көтеріп, бүгінде сәні мен салтанаты жарасқан әдемі қалалардың біріне айналды. Тағылымы мол қала шежіресіндегі еңбек және мәдени дәстүрлерімізді біз шын мәнінде мақтан тұтамыз. Біз бүгін барлық тұрғындарға адал еңбектері мен туған қаламызға деген шынайы сүйіспеншіліктері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жыл өткен сайын сүйікті қаламыздың келбеті жасарып келеді. Жаңа үйлер бой көтеріп, аулалар мен жолдар абаттандырылуда, шағын және орта бизнес нысандары пайдалануға берілуде. Өскелең ұрпақтың терең білім алуына, салауатты өмір салтын ұстануына, демалуына және өз қарым-қабілеттерін ұштауға толық жағдай жасалуда. Осының барлығы қала тұрғындарының ортақ үлесінің жемісі. Бірлігі жарасқан сәтбаевтықтардың әлі де талай белестерді бағындыратындығына сеніміміз мол.

Қуанышты мереке күні сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, әр шаңыраққа қуаныш пен береке тілейміз. Қаламыздың жылнамасы тек жақсы оқиғаларға толы болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук.

20150911-01-1

Дорогие земляки!

От всей души поздравляем вас с нашим общим праздником — с Днем рождения любимого города Сатпаев!

Этот день особенный для каждого, кто вложил частицу собственной души в становление и развитие города. У нашего города немало славных страниц, которые создавались трудом старших поколений. Мы по праву гордимся его богатыми трудовыми и культурными традициями. Сегодня мы выражаем огромную благодарность всем жителям города за добросовестный труд и любовь к родному городу.

Год от года в лучшую сторону меняется облик нашего города. Строятся новые дома, вводятся в эксплуатацию объекты малого и среднего бизнеса, благоустраиваются дворы и дороги. Создаются условия для учебы, занятий спортом, активного отдыха, для развития талантов и способностей наших детей. Все это становится возможным благодаря активному участию всех жителей города. Вместе нам по плечу любые задачи.

В этот праздничный день желаем вам мира, счастья, здоровья, благополучия и новых достижений в делах!

С праздником тебя, родной город Сатпаев!

Аким города Сатпаев Ә.Омар. Секретарь городского маслихата Т. Хмилярчук.

Комментарии закрыты.