Келешегі кемелді кешен

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2013 жылы индустриалдық кешен ретінде алып компания «Қазақмыс» корпорациясының демеушілігімен құрылған «Ютария LTD» компаниясының Сәтбаев қаласындағы бөлімшесінің тыныс-тіршілігімен танысуға арнайы атбасын бұрған облыс әкімін компанияның бас директорының орынбасары Тұрсынай Ибадатова қарсы алып, кешеннің жұмысын баяндады.

Бұл кәсіпорында бірнеше цех жұмысы жолға қойылған. Жезқазған аймағы бойынша өркенді өндіріс ошағы саналатын бұл нысан негізінен кеншілерге арнайы киімдер тіксе, сәтбаевтық филиал оны жуу мен қайта өңдеумен айналысады.

Бас директордың орынбасарының айтуынша, бұл шағын кәсіпорын 100-ден аса сәтбаевтықты жұмыспен қамтып отыр. «Қазақмыс» корпорациясының демеушілігімен жаңа технологияларды іс барысына енгізіп отырған индустриалдық кешеннің болашағы кемелді.

Нұрмұхамбет Қанапияұлы кешенді толық аралап, жұмысымен танысқан соң нысан жұмыскерлерінің жемісті еңбектеріне сәттілік тіледі.

«Ютария LTD» компаниясының жергілікті филиалынан естелік ретінде торқалы тойлардың тоғысында арнайы атбасын бұрған аймақ басшысына кешен ұжымы тігіншілердің қолынан шыққан сый-сияпатты тарту етті.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.