«Мейірімді қала – мейірімді отбасы»

Осындай атпен №5 «Нұрбөбек» балабақшасында отбасылық сайыс өтті. «Балаларға мейірімді қала» акциясы шеңберінде өткізілген бұл сайыстың басты мақсаты – ата-аналар арасындағы достықты қалыптастыру және нығайту болды.

«Сөз анасы – сәлем», «Өнерлі отбасы», «Ас – адамның арқауы», «Сән үлгілерін көрсету», «Мақал-мәтел, тыйым сөздер», «Үй тапсырмасы» деген алты кезеңнен тұрған бұл сайысқа 9 отбасы қатысты. Оларды құрамында қалалық мәслихаттың аппарат жетекшісі Қ.Махамбетова, әкім аппараты әлеуметтік бөлімінің бастығы  Г.Таңсықбаева және қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Г.Жақыпова бар қазылар алқасы бағалады.

Наурыз бата айтылып, шашу шашылып, тәрбиешілердің орындауында би биленген соң, сайыс та басталды. Алғашқы кезеңде бүлдіршіндер көрермендерді өз отбасыларымен таныстырды. Одан арғы кезеңдер өз өнерлерін көрсету, қазақтың ұлттық киімдер үлгісін көрсету, бір минуттың ішінде неғұрлым көп мақал-мәтел айту, үйден дайындап келген қол өнерлерін көрсету секілді тапсырмалардан тұрды.
Сайыстың қорытындысында барлық қатысқан отбастары әр түрлі номинациялар бойынша грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өткен, мейірімділік пен достықты паш еткен бұл іс-шара бүлдіршіндердің де, үлкендердің де талантын ашты.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.