«АРҒАНАТЫ – АТА ЖҰРТЫМ»

Ұлытаудың тумасы Мұханбетжан Әбілұлының тырнақалды кітабы осылай аталады.

Мұханбетжан Әбілұлы 1952 жылы Арғанаты баурайында дүниеге келген. Мамандығы –қаржыгер. Ұлытау, Жезді аудандарында, Жезқазған, Қарағанды қалаларында қаржылық бақылау саласында қызмет етті. Өзінің туындысында арғы-бергі тарихқа қалам тартқан автор туған жерге деген ыстық сезімі, сағынышымен қатар сонау бір елдің еңсесін басқан заманда ел қорғаған батырлар мен ел бастаған билерді тапқан аналар туралы да қалам тербеген.

Туған жер – атамекені жайлы:

Айхай, шіркін, 

Арқаның жері қандай,

Дархан дала, кеңпейіл елі қандай!

Атамекен, жерұйық – Арғанатым,

Қарай берем барғанда құмар қанбай.

Түнде жатып, таңертең тұрғанымда,

Болам сені алғашқы көрген жандай, – деп жырлайды ақын.

Оқырмандарына өткен өмірден толымды деректер беріп, келер ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен автордың қаламынан әлі де елі сүйіп оқитын шығармалар туындайды деп күтеміз.

Сегіз бөлімнен тұратын кітаптың алғы сөзін жазған Қазақстанның Құрметті журналисі Мағзұмбек Машайықұлы, редакторы – журналист Ахат Құрмансейітов.

Майра Смағұл.

Комментарии закрыты.