Жастармен жүздесу

Мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқыту-әдістемелік кабинетінде қаладағы индустриалдық, медициналық, технологиялық колледждердің белсенді жастарымен кездесу өтті. Оған «Сәтбаев қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының орынбасары Б.Жайлаубаев, «Сәтбаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекция бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Д.Жүнісбеков, Сәтбаев қаласы бойынша мүлікті жариялау комиссиясының хатшысы М.Жауен қатысты.

Кездесу барысында ел Президентінің «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Сәтбаев қалалық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекция бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Жүнісбеков, қалалық мүлікті жариялау комиссиясының хатшысы М.Жауен 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы бекітілгендігін айта келе, жылжымайтын мүлікке рақымшылық жасау бойынша комиссияның жұмысы жайлы баяндама жасады. Кездесуге қатысушылар электр қуатына белгіленетін тарифтердің құбылмалығы, жылы судың жыл бойы берілмейтіндігі туралы және мүлікті жариялау мәселесіне де қатысты сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Б.Жайлаубаев кездесу үстінде терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша қаламызда терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмыстары жөнінде баяндап берді.

А.ЕРАЛЫ.

Комментарии закрыты.