Орамды ойлар ортаға түсті

Қалалық Оқушылар сарайында ұстаз-ұйымдастырушы Мәдина Мәменова мен қосымша білім беру ұстазы Айнұр Бейсенбаеваның ұйымдастыруымен «Рухани келісім күні-бейбітшілік кепілі» – атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Сәтбаев қаласы Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің найб имамы Мәди Берлібеков, діни орталықтың қызметкері Нұрсұлтан Омарұлы, «Шаңырақ» дағдарыс орталығының жетекшісі Қаламқас Әбдуәлиқызы және т.б. қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің найб имамы Мәди Берлібеков адамдардың бір-біріне мейілінше мейірімді, қайырымды болып, бір-бірінің қайғы-қуаныштарын бірге бөлісіп, зекет беріп, жақсы туыстық, достық қатынаста болу керектігіне тоқталды.

– Елімізді мекендеген барша халықтар арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуда Қазақстан Халқы Ассамблеясы жүйелі жұмыс атқаруда. «Отан отбасынан басталады» демекші, әркім өзінің отбасында ұлы Отанымыздың тыныштығын, бейбітшілікті, ұлтаралық татулықты насихаттап отырғандары жөн, – деген Қ.Әбдуәлиқызының пікірі де көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Нұргүл Исмайлова.

Комментарии закрыты.