Шырқалды достық әндері

Қалалық «Достық» үйінде «Ұлтаралық және конфессияаралық татулық – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысына қала әкімінің орынбасары Серік Имамбай, қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Еліміздегі бейбітшілік пен тұтастықты, бауырмалдық пен татулық, сыйластықты нығайту – уақыт талабы.

20151023-12-1

– Біз бақытты халықпыз. Еліміз – тыныш, іргеміз – бүтін, аспанымыз – ашық. Ендігі міндет – қол жеткен жетістіктерді баянды ете түсу. Бұл баршамыздың міндетіміз екенін әрқайсымыз терең түсіне білуге тиіспіз, – деді дөңгелек үстелге қатысушылар.

Емен-жарқын сұхбат құрып, ой-пікірлерін ортаға салған олар қазақ, орыс, украин әндерін шырқады.

Бағдат Қазкенов. Сурет түсірген автор.

Комментарии закрыты.