Төрт күндік сайыс

20181030-12-3«Жастар» спорт сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Балқаш, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Теміртау, Шу, Жезқазған, Сәтбаев қалаларымен қоса Жәйрем, Кеңгір, Талап кенттерінен келген 2002-2003 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық біріншілік төрт күнге созылды.

Мәдени-сауықтыру спорт орталығының ұйымдастыруымен өткен ашық біріншілікте 30 және +52 келі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталып, марапатталды.

Шаршы алаңдағы төрт күндік белдесуде қаламыздың жас боксшыларының да мерейі үстем болып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.