Ағылшын еліне сапар

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары нәтижелі болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арнап өткізген брифингте мәлімдеді.

Елбасы Қазақстан тарапына сапар аясында айрықша жоғары құрмет көрсетілгеніне ризашылық білдірді. Ол Біріккен Корольдік екіжақты қарым-қатынастар дамуының осы кезеңінде Қазақстанға 12 миллиард доллар инвестиция салғанын, қазір елімізде британ капиталының қатысы бар 500 компания жұмыс істейтінін айрықша атап өтті.

Сапар барысында біздің елдің іскер топтары құны 5 миллиард доллар болатын келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойды. Бұл жобалардың барлығы тек шикізаттық секторға бағытталып отырған жоқ.

Сонымен қатар, Елбасы сапар барысында қол қойылған келісімдердің мазмұнына тоқталып, бұл құжаттардың болашақтағы дамуға бағытталғанын атап көрсетті.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.