«Мейірімді жүрек»

20151106-03-229 қазан – Қамқоршылар күніне орай Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде мектептің әлеуметтік педагогы А.Медеубаеваның  ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Әртүрлі себептермен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына  тәрбиеге алып,  өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген жандарға ризашылық білдіру,  оларды қолдау мақсатында өткізілген іс-шараның атауынан көрініп тұрғандай-ақ, бұл кеш мейірімділік, қамқорлық, бауырмалдық тәрізді ұғымдардың жан-жақты сипат алуымен ерекшеленеді. Біздің халқымыз қашанда өз қанынан жаралған ұрпағын жатқа бермейтіндігімен ғана емес, өзгенің де жетім қалған балаларын бауырына басып, жүрек жылуын аямайтын дархан көңілмен де ерекшеленген емес пе? Бір сүйсінерлігі сол, бұл қасиет халқымызда әлі күнге дейін сақталып келеді. Мектеп-лицейдің директоры Г.Жаппасова құттықтау сөз сөйлеп, қамқоршылығымен танылып, балаларды бауырларына басқан бірнеше ата-аналарға Алғыс хат пен сыйлықтар тапсырды. Барлық ата-аналар мерекелік іс-шарадан жақсы көңіл-күймен тарасты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.