«Жапырақтар» – жеңімпаз

20151106-12-3№ 7 жалпы орта білім беретін мектептің дайындық тобында «Аяулы күз – алтын күз» атты сайыс өткізіліп, үлкеннің де, кішінің де көңілдерін бір көтеріп тастады. Сайыскерлер «Жемістер», «Жапырақтар» атты екі топқа бөлініп, өнерлерімен білімдерін ортаға салды.

«Сәлем – сөздің атасы» бөлімінде сайыскерлер өздерін кестелі әдемі сөздерімен таныстырып шықты. Келесі кезекте «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» демекші, сайыскерлер күз туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып шықты. «Әнді салсаң, менше сал» кезеңінде әнді нақышына келтіріп орындаса, «Айгөлек-ау, айгөлек» атты кезең биге арналды. Сайысқа қатысушылар мақал-мәтел айтудан, жұмбақ шешуден жарысып, «Арқан тарту», «Жеміс теру» ойындарында күш сынасты. Жанель Абзал, Аружан Әбдірахманова, Нұрислам Қыпшақ, Нұрбибі Шомай, Руслан Садуахасов, Ақмаржан Байдосқызы, Назым Даниярқызы және т.б. балалар сайыс барысында өздерінің өнерлі де білімді екендерін көрсете білді. Сайысты қызықтаған көрермендер, ата-аналар, ұстаздар балаларға ақ тілектерін жаудырды. Сайыстың жеңімпазы «Жапырақтар» тобы болды.

Р.Әбуова, № 7 мектептің даярлық сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.