Кезектен тыс сессия шақырылды

Өткен жұма күні Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы шақырылып, күн тәртібінде қала өміріне қатысты 10 сұрақ қаралды. Кезектен тыс сессияға қала басшысы С.Медебаев, оның орынбасарлары, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай ашып, жүргізіп отырды.

Ең бірінші қаралған сұрақ «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсанындағы ХХХІ сессиясының №385 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болды.  Ауылға, елді-мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету, мектеп оқушыларының қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі туралы, 2011 жылға арналған Сәтбаев қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы, «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсанындағы ХХХІ сессиясының №399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелермен қатар қала өміріне байланысты сұрақтар қаралып,  депутаттар бірауыздан тиісті шешім қабылдады.

Сессия жұмысында қаралған сұрақтар бойынша жауапты мекемелердің басшылары хабарлама жасады.

Кезектен тыс шақырылған ХХХІІІ сессияның жұмысын қала басшысы С.Медебаев қорытындылады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.