Арамшөп неге оталмай қалды?

Мектептерде өткен кездесулерде оқырмандарымыз қаланың санитарлық тазалығы, сәулеті жайлы да әңгімелер қозғаған еді. Айталық, №25 орта мектепте болған кездесуде осы мәселе сынға алынды.

– Менің кеншілер қаласында тұрып келе жатқаныма 40 жылдан асты. Шаһар шырайының биылғыдай құлдырағанын бұрын-соңды байқамаған екенмін. Көшелерді арамшөп басып кетті. Бұған не себеп? – дейді №25 мектептің география пәнінің мұғалімі Галина Волкова.

Оқырманның бұл сауалына қала әкімінің орынбасары Серік Оразбаев:

– Жаз бойы «Жасыл ел» жастар жасағының жауынгерлері арамшөп жұлумен айналысқанын елдің көзі көрді. Бірақ, биылғы ылғалдың мол болуы шөптің шамадан тыс өсуіне ықпал етіп, толық жұлып шығуға мұрша бермеді. Талап бойынша сауда орындары мен өзге де халыққа қызмет көрсететін ғимараттардың айналасының 50 метрге дейінгі аумағын жеке кәсіп иелері тазалап, күтіп ұстаулары қажет. Біз жаз бойы барлық жекеменшік кәсіп иелеріне арнайы хат жолдап, ғимарат маңайын тазалауды, арамшөптерді жұлуды тапсырған болатынбыз. Өкінішке орай, олар бұл тапсырмаға жүрдім-бардым қарады. Келешекте тапсырманы орындамаған жеке және заңды тұлпарларға тиісті шара қолданылатын болады, – деген жауап берді.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.