Кеншілер кемеңгер Көшбасшымен

Өткен сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы Батыс Жезқазған кенішінде кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының өкілдері Айгүл Төлендина, Татьяна Хмилярчук, Берік Әбен және кеніш жұмыскерлері қатысты.

Кеніштің бас инженері Бауыржан Баймұханов жиналғандарға кездесудің мақсатын түсіндіріп өтті.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі Т.Хмилярчук сөз алды: – «Еліміз маңызды науқан алдында тұр. Сәуірдің 3-і біз елдің ертеңгі болашағы үшін таңдау жасаймыз. Қаным бөлек болса да, жаным елім деп соққан мен өз басым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елде жүргізіп отырған дана саясатына дән ризамын. Оның 20 жыл ішінде ел үшін атқарған еңбегі өлшеусіз.

Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы алдағы он жылдықтағы ел дамуының бағыттарын айқындап берді. Қай салада болмасын еліміз оң нәтижелерге жетті.  Өзім бюджеттік саланың маманы болғандықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұл сала мамандарына деген құрметі ерекше екенін білемін. Оған дәлел – биылғы жылы да бюджеттік сала мамандарының жалақысын 30 пайызға көтеруі.

Алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге атқарар шаруалар ауқымды. Сондықтан да баршаңызды сәуірдің 3-і күні өтетін сайлауға келіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа дауыс беруге шақырамын».

Кеніш қызметкерлерінің атынан Жакен Оразбеков, Бауыржан Махатов сөз сөйлеп, кеншілер қауымы тарапынан кемеңгер Көшбасшыға қолдау болатындығын жеткізді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.