Болашақтың бағдары

20151113-04-1Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру жастар тарапынан да қолдау табуда. Болашақтың бағыт-бағдарына жол сілтеген бағдарлама елімізді экономикалық әлеуеті зор мемлекет дәрежесіне көтеріп, әлеуметтік саланы одан әрі нығайтуды көздейді.

Сәтбаевтық жалынды жастар да бағдарламаның нәтижелі әрі жемісті болуы жолында талмай ізденіп, еңбек етуде. Ш.ділдебаев атындағы кеншілер сарайында өткен «мәңгілік ел жастарының 100 қадамы» студенттер форумында осыған көз жетті.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында сөз алған қалалық жастар конгресінің төрағасы әлібек орынбек, «денсаулық» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары гүлманат айдарбекова, колледж студенті аслан жанеділов және т.б. «100 нақты қадам» реформасының тиімділігі мен жастар саясатын дамытудағы рөлдеріне тоқталып өтті.

Орталық директоры нұрлыбай наурызбаев «2011-2015 жылдарға арналған жастар саясатын жүзеге асыру бағдарламасы» нәтижелі аяқталды, енді жаңа мақсат-міндеттермен болашаққа қадам басуымыз қажет екендігін айта келе, «2016-2020 жылдарға арналған жастар саясатын жүзеге асыру бағдарламасының» шеңберінде биылғы жылы қолға алынған «сәтбаев – 2020: жастарға мейірімді қала» жобасы туралы баяндап берді. Бұл пилоттық жоба 7 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.

Қалалық мәслихаттың депутаты қамар жанасылова жалынды жастарды белсенділікке, ұйымшылдыққа шақырып, кез келген қиындықтан мүдірмей өтуге шақырды.

Бағдат қазкенов.

Комментарии закрыты.