Міндеттер межеленіп, мақсаттар айқындалды

20151113-04-2«Бүгінде кеншілер қаласында 26 қоғамдық бірлестік жұмыс атқаруда. Соның он алтысы қаланың саяси-қоғамдық жұмысына белсенді түрде атсалысуда», – деп қоғамдық бірлестіктер форумын ашқан қала әкімінің міндетін атқарушы серік имамбай үкіметтік емес ұйымдармен өзара қызмет атқару жөніндегі кеңестің 2015 жылы жүзеге асырылған жұмысы жөнінде ақпарат берді.

– мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтасып әрекет ету механизмін жетілдіру мақсатында 2009 жылдан бастап қала бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген.

Жоспарда үеұ-ды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге тарту, билік пен қоғам арасындағы ара қашықтықты азайтып, азаматтық оң бастамаларға ынталандыруды көзделген, – деп атап өтті серік сағынатұлы.

Қоғамдық ұйым жетекшілері әңгіме өзегін өздері атқарып отырған жұмыстарға бұрып, алдағы мақсат-міндеттермен бөлісті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаланың құрметті азаматы шермұхамбет байбосынов қазіргі таңдағы дәрі-дәрмектің бағасының қымбаттауы қарт кісілердің қалтасына оңай тимей тұрғандығын алға тартып, осы мәселені шешуге ықпал жасауды сұрады.

Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы гүлмира таңсықбаева бүгінгі таңдағы жастар арасындағы проблемалық мәселелермен айналысатын қоғамдық ұйым құруды қолға алса деген тілегін жеткізді.

Міндеттер межеленіп, мақсаттар айқындалған форум жұмысы марапаттау рәсіміне ұласты. Мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысқаны үшін шермұхамбет байбосынов, «аяулым» әлеуметтік қолдау ұйымының төрайымы қаламқас әбдуәлиева, «нұр парасат» қб жетекшісі қызғалдақ қасымова мен «көңілашар» ұйымының төрағасы батырлан сейтжапбаров алғыс хат пен ақшалай сыйақымен марапатталды.

Бағдат қазкенов.

Комментарии закрыты.