Күз қызықтары

20151113-12-3Қаламыздағы №7 «Алпамыс» балабақшасы бүлдіршіндерінің әрбір күні қызықты да мазмұнды өтуде. Күз мезгілі келуімен әртүрлі танымды іс-шаралар тіпті көбейе түсті. Соның бірі «Айгөлек» ересектер тобында тәрбиешілер Қарлығаш Нүрекенова, Бейбіткүл Кеделова және тәрбиеші көмекшісі Ж.Омарованың ұйымдастыруымен өткен «Күз аруы» сайысы болды.

Қыз балаларға эстетикалық тәрбие беруге, балаларды шығармашылыққа тәрбиелеп, табиғи талабын ұштауға бағытталған сайыс дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, жұмбақ шешу, өнерін, сән үлгісін көрсету сынды бөлімдерден тұрды. Сонымен қатар, балақайлардың ой-өрісін кеңейтуге арналған күзгі жеміс-жидектерге жарнама жасау, ата-аналармен бірлесіп жемістерден қолөнер бұйымдарын жасау сияқты бөлімдер де сайысты қыздыра түсті. Ал қатысушыларға келер болсақ, байқауда Бауыржан Кәусар, Қазыбек Жанерке, Мақсұт Айғаным, Смағұлова Медина, Арманқызы Аида өнер жарыстырды. Балғын бүлдіршіндер барын салған сайыс тартысты да тамаша өтіп, нәтижесінде Бауыржан Кәусар «Күз аруы» атанды.

Қыздардың барлығы грамоталар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Күз мерекесі аясында топта «Күз сыйы» тақырыбында балалардың ата-аналарымен бірлесіп жеміс-жидектен жасалған бұйымдар қойылған көрме өтті. Онда Әмірхан Ажар, Жағысқан Нұрасыл, Тілек Айдана, Ерсайын Мерей, Бақыт Дияр, Тұтқабай Еркебұлан жасаған жұмыстар ереше көзге түсті. Көрмеге қатысқан барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Бұл ретте мерекеде балалармен қатар үлкен белсенділік танытқан ата-аналарға тәрбиешілер тарапынан айтар алғыс зор.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.