Жеті бірдей жүлдегер

Қарашаның 4-5 аралығында Алматы қаласында өткен «Күншуақ» фестивалінде жеті бірдей жерлесіміз жүлдегер атанды.

№27 мектебінің 10 -сынып оқушысы Ақмоншақ Маханбет «Вокал», №4 Абай атындағы мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Абай Нарбаев «Инструменталды музыка және домбыра» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Қалалық оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Аружан Байзрахманова, Еркеназ Есмағамбетова және жас әнші Халифа Төлеу бірінші орынды, Әли Мырзағали, Әліби Әбдіқадыр екінші орынды еншіледі.

20151113-01-1

Бір фестиваль аясында бірден жеті өнерпаз жеткіншектің жеңімпаздар, жүлдегерлер қатарынан табылуы қаламызда мәдениет пен өнерге өте қатты мән беріліп отырғанын айғақтайды. Алдағы уақытта Ақмоншақ пен Абай халықаралық өнер додасында қала намысын қорғайтын болады. Сәттілік пен жеңіс серік болсын оларға!

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.