Жан-жақты түсіндірілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, жылжымайтын мүлікті жариялау және терроризм мен экстремизмнің алдын алу шараларын жан-жақты түсіндіру мақсатында балалар мен жасөспірімдер кітапханасында дөңгелек үстел өтті.

Қалалық тұрғын-үй шаруашылығы, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Дәуір Жүнісбеков Жолдауда көзделген межелі міндеттер төңірегінде сөз етсе, мүлікті жариялау комиссиясының хатшысы Маржан Жәуенова былтырғы жылдан бері ел көлемінде жүріп жатқан жылжымайтын мүлікті жария ету науқаны келер жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылғанын жеткізді. Хатшының айтуынша, қазіргі күні бұл науқанға қала тұрғындарының қызығушылығы арта түскен көрінеді.

Дөңгелек үстел барысында сөз болған мәселенің бірі – экстремизм және терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмысы төңірегінде ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі Сұлтанбек Ешмаханов баяндады.

Кітапханашылар мен оқырман қауым ақпараттық топ мүшелеріне сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.