Депутат қабылдауы

Сайлаушы мен депутаттың арасындағы байланыс әрқилы жолдар арқылы жалғасып жатқаны ғанибет. Соның бірі – депутаттық қабылдау.

Өткен аптада облыстық мәслихаттың депутаты, «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Тілемісов сайлаушыларды қабылдады.

Әрине, ешкім де депутатқа еріккеннен өтініш айта бармайды. Қабылдауға барған 30-ға жуық сайлаушының әрқайсының өз проблемасы бар. Дегенмен, депутат қабылдауына келген сайлаушылардың өтініштерін сараптағанда, қазіргі таңда адамдардың көпшілігін жұмыссыздық мәселесі толғандыратыны байқалды.

Сайлаушылар өтініштері қаралып, олардың әрқайсына тиісті жауап берілетін болады.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.