Шақпақ мыс шығарды

«KAZ Minerals» компаниясы Ақтоғайдың тотыққан кенінін алынған алғашқы шаппақ мысты ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнады.

Мұндай маңызды нәтижеге қысқа мерзімде қол жетті. «Қазақмыс» тобының директорлар кеңесі 2012 жылы желтоқсанның басында қуаттаған жобаны жүзеге асыруға компания келесі жылдың басында-ақ кірісті. Алғашқы тотыққан кен шоғырландырып сілтісіздендіру алаңына биыл маусымда түсті. Сосын кен үйіндісін сулау сатысы сұйық экстракциялау мен электролиздеуге ұласты.

Тотыққан кенді өңдеу кешені жарты жылдың шамасында жобалық қуатына жетеді, демек, жылына 15 мың тонна шақпақ мыс шығару мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде. Күкіртті кен өңдейтін байыту фабрикасының құрылысы да кестеге сай жүргізілуде. Ол 2017 жылы қатарға қосылады. Алғашқы он жылда 90 мың тоннадан катод мысы алынады. Жалпы бұл кен орнын жарты ғасыр пайдалану жобаланған.

«Айдаладағы Ақто-ғайдың жырақтағы Жезқазғанға қандай қатысы бар?» деп, отырған шығар кейбір оқырман. Тікелей! Ақтоғай мен Бозшакөл — «Қазақмыстың» кен қорын молайтуға ғана емес, Жезқазған кеніштерінің «ғұмырын ұзартуға» да оң ықпал ететін жоба.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.