Тартысқа толы спартакиада

20151204-08-3Тұңғыш Президент күні қарсаңында әкімдік, білім беру, өртке қарсы қызмет, ішкі істер бөлімі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері №16 орта мектептің спорт залын бір күн бойы дүбірге бөледі.

Жоғарыда аталған мекеме қызметкерлерінен құрылған алты команданың үшеуі атап айтқанда, қалалық №44 өртке қарсы қызмет мекемесінің командасы І орынды, білім беру мекемелері қызметкерлерінің тобы ІІ орынды иеленсе, жүлделі ІІІ орынды ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алды.

Сонымен қатар командалар арасында үздік ойыншылар да анықталып, марапатталды.

– Жалпы мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған бұл спартакиада арқылы сала мамандарының спортқа деген бейімділіктерін байқадық. Әрине, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен спортты дамыту арқылы азаматтардың салауатты өмір салтын басшылыққа алып, осындай жарыстарда белсенділік танытулары қуанышты жағдай. Себебі, тәуелсіз елімізде, соның ішінде кенді қаламызда спортпен айналысуға барлық жағдай қарастырылып отыр, – дейді денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Зухраб Даумбаев.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.