«Ашық есік» күні

20151204-05-2Қоғамның тыныс – тіршілігін тап басу, халықтың өтініш-тілегін ескеру –партиялық жұмыстың ажырамас бөлігі. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясы әрқашан көпшіліктің мұң-мұқтажын біліп, оны дер мезгілінде шешуге ұмтылады.

Осы мақсатпен 30 қараша күні «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының Сәтбаев өкілдігінде «Ашық есік» күні өткізілді.

– Біз мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп тұрамыз, – дейді аталған өкілдіктің қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ардақ Жүгінісов.

Әрине, қабылдауға келген әрбір адамның соңында әлдебір проблеманың тұратыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан, көтерілген мәселеге нақ сол жерде жауап беріліп немесе тіпті шешімін тауып жатар болса, қандай ғанибет?! Сондықтан да, «Ашық есік» күніне қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, қалалық мәслихаттың депутаттары И.Бралин, С.Мырзақоңыров және т.б. жауапты тұлғалар қатысты.

«Ашық есік» күнінде қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, оларға тиісті түсініктер берілді.Кейбір сұрақтар одан әрі шешімін қарастыру мақсатында тиісті орындарға жіберілді.

(Өз тішіміз).

Комментарии закрыты.