Қала тынысы талқыланды

Қала әкімдігінің кезекті аппараттық жиынында күн тәртібінде жылу беру маусымының өту барысы, бюджет қаржысының игерілуі, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қарастырылып, еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дайындық барысы пысықталды.

Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы С.Имамбай жиында қала активіне Жезқазған қалалық пошта бөлімшесінің бастығы қызметіне тағайындалған Алмат Құдабаевты таныстырды.

Сондай-ақ, Серік Сағынатұлы Қарағанды қаласында өткен облыстың үздік мәдениет сарайы, мәдениет үйі, мәдени-сауық орталығы байқау-конкурсына қатысып, l дәрежелі диплом иеленген Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығының ұжымын жеңісімен құттықтады. Мәдени-сауық орталығының директоры Н.А.Геймбухты жеңісімен құттықтаған С.Имамбай оған диплом және естелік сыйлықты табыс етті.

Аппараттық жиында алдағы Тәуелсіздік күнін мерекелеу бағытындағы дайындық барысы талқыланды. Еліміздің ең ұлы мерекесін жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен атап өту бағытында бірнеше тапсырмалар берілді.

Қаланың тыныс-тіршілігіне арналған жиында мерзімді баспасөзге жазылу, эпидемиологиялық жағдай, қаланың санитарлық тазалығы сынды мәселелер де көтерілді.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.