Облыстың үздік клубы

20151211-02-4Жуырда облыс қалалары арасында өткен «Әнім сенсің, Сарыарқа» атты халықтар шығармашылығы байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар салтанатты жағдайда марапатталып, мерейлері тасыды.

Сүйіншісі сол, Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы І дәрежелі диплом иеленіп, «Үздік клуб» атанды.

– Бұл байқау екі жылда бір рет өтетін ауқымды шара. Бұл – қаладағы барлық өнерпаздардың, шығармашылық әлеуетіміздің деңгейін танытты. Аталмыш өнер ордасының жетістігін осылай бағалау керек, – дейді қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлбану Шахманова.

Өнер ордасының бұл жеңісі, шын мәнінде үлкен қуаныш. Себебі, шаһардағы жалғыз мәдениет сарайының еңбегі жоғары бағаланып жатса, ондағы өнерпаздардың шығармашылық ізденістерінің зая кетпегендігі деп білеміз.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.