«Намыс» – намысты қайрайды

20151211-12-3Ы.Алтынсарин атындағы №19 орта мектепте Тәуелсіздік күні қарсаңында «Намыс» әскери клубы салтанатты жағдайда ашылды.

Клубтың негізгі мақсаты – ұлтжанды жастардың басын біріктіріп, оларды Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Әзірге 22 мүшесі бар клубқа Баймұса Игенов жетекшілік жасайды.

– Біз клубтың ашылатынын естігенде өте қуандық. Себебі, сабақтан кейінгі бос уақытымызды мектептен шықпай-ақ рухани тәрбиеге, спортқа бағыттауға мүміндік туды. Осы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, ұлағатты ұстаздарымыздан тәлімді тәрбие алуға тырысамыз, – дейді «Намыс» клубының мүшелері.

Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруда өзіндік ізденістерге жол ашқан іргелі білім ошағының бұл бастамасы көпке үлгі болары хақ.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.