Тәуелсіздік – тәу етер киеміз

Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары!

Сіздерді еліміздің ең ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік мерекесінің біздің тарихымызда, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Осыдан 24 жыл бұрын біз бүкіл әлемге өзіміздің дербестігімізді жариялап, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандаған азаттыққа қол жеткіздік. Бұл жолда талай қилы кезеңдерді, күрестерді өткерген халқымыз татулық пен бірлігінің арқасында бүгінде егеменді ел атанып отыр.

Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап Қазақстан көптеген толайым табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл орайда еліміздің тағдыры үшін сын сағатта зор жауапкершілікті мойнына алып, халықтың сенімі мен үмітін ақтаған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен. Ендігі мақсат – Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсу, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыра отыра, дамыған 30 елдің қатарынан лайықты орнымызды алу.

Елдік пен еркіндіктің бастауы болған осындай айтулы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шаңырақтарыңызға бақ-береке, шаттық тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңізде табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз.

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.