Сенің таңдауың – сенің болашағың!

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау науқанына байланысты Қазақстанның барлық қала мен аудандарында осы күндері мобилді үгіт-насихат топтары жұмыс істеуде. Сәтбаев қаласында да бұл іс-шара өз жалғасын тауып, Президенттікке үміткер Н.Ә.Назарбаевты қолдау штабының жұмыс жоспарына сәйкес «Жас Отан» Жастар Қанатының мүшелері кеше қала көшелеріне шықты.

Қаланың Тәуелсіздік даңғылы, Абай, Ерден секілді басты  көшелерін аралап  «Универсам», «Тұрар» тағы да басқа ірі-ірі сауда орындарының алдына,  Кеншілер алаңына   тоқтап  тұрғындарға кітапшалар мен парақшалар таратты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – халықты сайлауға белсене қатысуға  және Президенттікке үміткер Н.Ә.Назарбаевқа дауыс беруге шақыру болды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.