Қоныс тойы тойланды

20151218-02-2Мерейлі мереке күні қаланың академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 156 мекенжайында салынып, пайдалануға берілген 56 пәтерлі үйдің кілті иелеріне салтанатты жағдайда табысталды.

Салтанатта сөз сөйлеген қала әкімі Әнуар Омар жұртшылықты еліміздің басты мерекелерінің бірі де бірегейі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа пәтер иелеріне құтты шаңырақ, оң қоныс тіледі.

Бұдан соң 92 жастағы кейуана Камалиден Құдайбергенова әже елге осындай қуаныш сыйлаған Елбасы мен ел басқарып жүрген азаматтарға аналық алғысын білдірсе, «Мерей» балалар үйінің тәрбиеленушісі Василий Ласкут жүрек жарды қуанышын мемлекеттік тілде еркін жеткізіп, ағаларына ақжарма ниетін білдірді.

Жиында сондай-ақ, «Sektor stroi» ЖШС директорының орынбасары Ерғанат Сұлтанбеков сөз сөйлеп, тұрғындарды айтулы мерекемен және қоныстойларымен құттықтады.

Қала әкімі Әнуар Омар мен қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук жаңа үйдің 56 тұрғынына пәтер кілтерін салтанатты түрде тапсырып, пәтерлерді аралап, тұрғындарына құтты қоныс тіледі.

Ізтай Белгібайұлы. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.