Сақшылар салтанаты

20151218-02-4Биылғы Тәуелсіздік мерекесін Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ерекше салтанатпен атап өтті.

Жиынды құттықтау сөзімен ашқан қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жалғасбай Жақаев қалалық ішкі істер бөлімі тәуелсіздік жылдарында кәсіби тұрғыда шыңдала түскендігін, олар адам өмірі мен денсаулығын, азаматтардың заңды мүдделерін, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қылмыстық әрекеттерден қорғау жолында өз міндеттерін зор жауапкершілікпен атқара беретіндігін айрықша атап көрсетті.

Үстіміздегі мерекелі жылы еліміздің күштік құрылымдарының бірқатар қызметкерлері мен ардагерлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен «Талғат Бигелдинов» және «Сағадат Нұрмағамбетов» медальдарымен марапатталған болатын. Солардың қатарында Сәтбаев қаласының да сақшылары болды. Тәуелсіздік күніне орай осы марапат өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Атап айтқанда, бөлім ардагерлері Бағдат Оспанов «С.Нұрмағамбетов» медалімен, ал Бағдат Боқбаев «С.Нұрмағамбетов» және «Т.Бигелдинов» медалдарымен марапатталды.

Шара барысында қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері әріптестері Серік Бәкібаевты салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды.

Салтанатты жиында сондай-ақ, ішкі істер бөлімі бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары, полиция подполковнигі Құрман Әбжанов үздік деп танылған қызметкерлерді ішкі істер департаментінің Құрмет грамотасымен және қалалық ішкі істер бөлімі бастығының Алғыс хатымен марапаттау туралы бұйрықты оқыды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Ізтай Белгібайұлы. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.