Кенттегі айшықты шара

20151218-12-1Весовая елді-мекеніндегі №10 орта мектепте ел Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиында Жезқазған кентінің тұрғындары бас қосты.

Еліміздің Әнұранымен ашылған салтанатты жиында қала әкімінің міндетін атқарушы Серік Имамбай, кент әкімі Асылхан Сәдуақасов кент тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтады. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып келе жатқан бірқатар азаматтар Сәтбаев қаласының және Жезқазған кенті әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

№2, 10, 12 мектеп-тердің оқушылары, №13 балабақшаның тәрбиеленушілері, №2 балалар музыкалық мектеп шәкірттерінің концерттік бағдарламасы Тәуелсіздік тақырыбын аша түскен мәнділігімен, мазмұндылығымен тартымды болды.

Кент тұрғындарының атынан сөз алған, Жезқазған кен орнын игеруге үлес қосқан ардагер Елена Ладожская жиналғандарды қасиетті де қастерлі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздегі тұрақтылықты сақтап, гүлденіп, дами беруге тілектестік білдірді.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.