Жайдарлы «жайдарман»

Сәтбаев сахнасында «Тәуелсіздік – жарқын болашақ» тақырыбындағы ойынын ұсынды.

Республикалық «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойыны биыл да Сәтбаев сахнасында өз көрермендерімен қауышты.

Қала әкімінің Кубогы сарапқа салынған ойынға Көкшетау қаласынан «Мұғалімдер» командасы, Алматы құрамасы, қостанайлық «Құрдастар», Қарағандының «Болашағы бар», «Болашақ VIP» және «Күлкі терапиясы» командалары мен Жезқазған құрамасы, Сәтбаев құрамасы, Астана құрамасы, сәтбаевтық «Ұялсаң, қызарма» командалары қатысып, бүгінгі таңдағы әзіл-қалжыңның деңгейін көрсетуге тырысты.

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайына жиналған жастарды қыран-топан күлкіге кенелткен жайдарманшылардың арасынан үздік шыққан Қарағанды қаласының «Күлкі терапиясы» командасы бас жүлдеге, сәтбаевтық «Ұялсаң, қызарма» І орынға ие болды. Екінші, үшінші орындарды тиісінше Астана және Сәтбаев қалаларының құрамалары иеленді.

Бағдат Қазкенов

Комментарии закрыты.