Фаризаны іздеген жас жүректер

20151218-12-3Жуырда Алматы қаласында «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан республикалық байқау болып өтті.

Оған еліміздің әр түкпірінен 500-ден аса жас өрен қатысқан еді.

Осы байқауда Оқушылар сарайының оқушылары Ақнұр Абдыраманова, Фариза Бектұрова, Арайлым Маменова жүлдегерлер қатарынан табылды.

Осылайша, тұңғыш рет өткізілген республикалық байқауда бақ сынап, жүлдемен оралған үш бірдей аяулы қыздарымыз кенді қаланың жастары да Фаризаның мол мұрасын жан-тәнімен сүйетіндіктерін танытты.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.