Шаттық сыйлаған шырша

20151225-02-3Білім ошақтарындағы үздік оқушылар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, қамқорлыққа алынған балаларға арналып №16 орта мектепте өткен қала әкімінің шыршасында биыл 100 оқушы бас қосты.

Балалар жасыл шыршаның маңайына топтаса Аяз Ата мен Ақшақарды, жыл иелерін қызу қошеметпен қарсы алды. Әсем әннің ырғағына би билеп, шаттық күйге енген балақайларға мерекелік кешті №3 орта мектептің ұжымы қызықты да думанды етіп өткізді. Құдды бір ертегі әлеміне енгендей күй кешіп, мәре-сәре болған олардың шаттыққа толы сәтіне куә болған қала әкімі Әнуар Омар, қалалық білім бөлімінің басшысы Шынар Жанасылова шыршаның қадірлі қонақтарын Жаңа жылмен құттықтап, ағалық, апалық ақ тілектерін арнады.

Шаһар басшысының шыршасынан көңілді күйде шыққан балаларды тәттілерге толы дастархан да күтіп тұр еді. Жаңа жылдық сый-сияпат мұнымен бітпеді. Қала әкімінің атынан сыйға тартылған жылы киімдер мен тәттілерге ие болған балақайлардың қуанышы еселей түсіп, Жаңа жылға тілеген тілектерінің орындалатынына сеніп тарқасты.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.