Аналық жүрекпен

20160108-02-2Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған Сәтбаев қаласы әйелдерінің саяси көшбасшылық мектебі Жаңа жыл қарсаңында 50 балаға арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

№16 орта мектептің қабырғасында өткен мерекеде  балалар ата-аналарымен, құрбы-құрдастарымен уақытты көңілді өткізді. Олар әсем безендірілген жасыл шыршаны айнала ән шырқап, ертегі кейіпкерлерімен ырғақты би биледі. Мерекенің негізгі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақарды ыстық ықыласпен қарсы алды. Оларға өз өнерлерін көрсетіп, сый-сыяпатқа бөленді.

Жаңа жыл мейрамы барлығымыз асыға күтетін жарқын, сүйікті мерекелердің бірі. Әсіресе, бұл мейрам балалар үшін ерекше. Сондықтан да, балалардың көңіл-күйін көтеру, оларға аз да болса қуаныш пен шаттық сыйлау – бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаты болды, — деді өзінің құттықтау сөзінде Сәтбаев қаласы әйелдерінің саяси көшбасшылық мектебінің төрайымы, қала әкімінің кеңесшісі Марал Мәдиева.

Комментарии закрыты.