Облыс әкімінің марапаттары

20160108-02-1Өткен жылдың жеңісті де жемісті болғанын атап өткен қала әкімі Ә.Омар жуырдағы кеңейтілген аппараттық жиында қаламыздың бірқатар азаматтарына Қарағанды облысы әкімінің Құрмет гарамотасын  тапсырды.

Облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін марапатталғандар арасында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әбусағит Әбдікер, жеке кәсіпкер Әбутәліп Инсебаев, «Қожахметов» ЖШС ОДА-ның менеджері Жанат Қожахметова, «Вираж Сервис Караганда» ЖШС филиалы автокөлік тасымалдау кәсіпорнының жүргізушісі Эвелина Шпара, Сәтбаев қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнының эксковатор машинисі Сейітәзім Ибраев болды.

Сондай-ақ, қала басшысы қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнының слесары Кенжегүл Киікбаева мен инженерлік желілерді күрделі жөндеу цехының жұмыскері Қуанышбек Сағындықовқа облыс әкімінің Алғыс хатын да табыстады.

Комментарии закрыты.