Үздіктерді үкілеу

20160108-12-1Қала намысын спорт саласында қорғап жүрген үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды жыл соңында марапаттау біздің қалада игі дәстүрге айналған.

2015 жылдың «Үздік жаттықтырушысы» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіл атлетикадан жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы Татьяна Дударь, ІІ орынды дзюдо күресінен біліктілігі жоғары жаттықтырушы Батырлан Өмірзақов, ал, І орынды каратэ-до-кекушинкайдың білікті маманы Қуатбек Тоқтыбаев иеленді.

«Жылдың үздік спортшысы» атағының ІІІ орынын жеңіл атлетикадан спорт шебері, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі Екатерина Парамонова еншілесе, ІІ орынның жүлдесі каратэ-до кекушинкайдан ҚР спорт шебері, Ұлттық құрама командасының мүшесі Мәди Мұқатайға бұйырды. Дзюдо күресінен спорт шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі Диас Әшімовтың спорттағы жетістігі І орынға лайық деп танылды.

Бұл марапаттау рәсімінде сонымен қатар, спорт ардагерлері де назардан тыс қалмады. Спорт саласындағы адал қызметі үшін Есеркен Түсіпов, спорт саласына қосқан үлесі үшін Владимир Коник, спорт мәртебесін көтерудегі еңбегі үшін Владимир Князюк, салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегі үшін Қарлыбай Мыңбаев, спорт жанашыры ретінде Амантай Байториннің есімдері аталып, марапатталды.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.